Бүгін мектеп қабырғамызда Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталығы және Астана қаласы әкімдігінің №2 арнайы мектеп ұйымдастыруымен «МАМАНДЫҚҚА ЖОЛ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Негізгі мақсат – ерекше балаларға қоғамда және мектепте қолжетімді орта қалыптастыру, оқушылардың қажеттіліктеріне, бейімділігіне, жеке ерекшеліктеріне байланысты кәсіби өзін-өзі анықтауына жағдай жасау жолдарын тәжірибе алмасу арқылы жүзеге асыру.
Семинарға қала мен республикадағы арнайы, орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты. Сондай-ақ, шара аясында ерекше оқушылырдың қол өнер бұйымдары, педагогикалық ұжымның үздік тәжірибесі, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының «Инклюзивті музей. Ізгілікке қадам» атты жылжымалы көрмесі ұсынылды.
Copyright © 2024 | КГУ «Специальная школа №2» акимата г. Астана