Бүгін мектеп қабырғасында 1-наурыз алғыс күніне орай ұйымдастырылған «Алғысым шексіз» атты мерекелік іс –шара «Аяла»қайырымдылық қоры мен «Дос» ортопедия қайырымдылық қорымен бірлесіп өткізілді. Алғыс күні өз ризашылықтарын білдірген қайырымдылық қоры үйде оқитын 7 оқушыға Қазақстанда өндірілген мүгедек коляска және тәттілерді сыйға тартты.
💖Болашақ жұлдыздар өз өнерлерін келген қонақтарға көрсетті:
-№2 арнайы мектептен «Самғау» тобы «Аяулы ұстазыма» әні, «Домбыра» үйірмесі «Тепен көк», «Томирис» би тобы «Батыр биі»
-М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайынан Айділдә Еркежан «Гүлсің» әні, «DIAMEND «Конфетки» биі, Лескен Әсемай «Бұл өнер солай».
-«Дос» ортопедия қайырымдылық қорынан Мурадова Айкумис «Дорога», әні ,Мукатаева Алтыншаш «Анашыма» әні.
💖Бүгінгі іс-шарада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ерекше жандарды қолдап сый сияпат жасап отырған демеушілерімізге ризашылығымыз шексіз🌹!
💖Барлықтарыңызға мектеп атынан мың да бір алғыс айтамыз🌹!