Вакансии на 16.10.2023
Астана қаласы әкімдігінің «№2 арнайы мектеп» КММ, Ә.Жангельдин 9 мекен-жайындағы мемлекеттік білім беру ұйымына педагог лауазымы бойынша жұмысқа орналасуға конкурс жариялайды.
Тұрақты негізге:
- Тәрбиеші (оқыту орыс тілінде ) - 1 жүктемеге 1 тәрбиеші (жалақысы шамамен 140 000 теңгеден 144000 теңгеге дейін).
- Аға тәлімгер (мемлекеттік және орыс тілінде оқыту) - 0,5 ставка ( жалақы шамамен 70000 теңгеден 77000 теңгеге дейін)
Лауазымдық міндеттері:
- оқушылар контингентінің ерекшелігі мен оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес оларды толық көлемде іске асыруға жауапты болады.
Біліктілік талаптары:
жоғары педагогикалық білім
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні (17.10.2023 – 26.10.2023 жж.)
Кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастыру: 3 жұмыс күні (27.10.2023 – 31.10.2023 жж.)
Конкурсты өткізу күні мен уақыты: 01.11.2023 ж. сағат 09.00
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007495):
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480;
- үміткер болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Мекен-жайы: Әліби Жангельдин к-сі, 9, индекс 010000
Қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 42-46-73
E-mail: skshi-astana@bk.ru